Ұзынқұлақтан «геологтар лагерінде түлкі тұрып жатыр екен» дегенді естісімен, дереу іздестіре бастағанбыз. Жаңа кен орындарын табумен айналысатын «ГеобайтИНФО» ЖШС-нің барлау партиясы бүгінде облыс орталығынан тым шалғай Қарасу ауданындағы Киров кен орнында жұмыс істейді. Оған ең жақын деген елді мекеннің өзі 18 шақырым жерде орналасқан.
Қазір интернеттің бармайтын жері бар ма? Біз де өркениеттің осы жетістігі арқылы геологтарды дереу тауып алдық. Барлау экспедициясының мүшелері тұратын лагерьді біраздан бері түлкінің міршайы төңіректепті. Геологтар оны қызық көріп, печенье, нан берсе, анадайдан қашып кетіп жүріпті де, бірте-бірте адамдарға әбден үйреніп алғаны сондай, қазір тамақты олардың қолынан алып жейді екен. Лагерь айналасынан ұзап кетпейді, тіпті дизель стансасының дүрсілін де шыбын шаққан құрлы көрмейді. Геологтар оны Яшка деп атап кетіпті.
− Өзі ересек емес, түлкінің әлі міршайы болса керек, сүп-сүйкімді, әсіресе, шошқаның майы мен нанды жақсы көреді. Өзіміз тамақтанғанда түлкінің сыбағасын алып қоятын болдық. Яшкаға үйреніп қалдық, келмесе күтіп отырамыз, − дейді геолог Владимир Молосай. Геологтар нан мен майға, печеньеге, тіпті конфетке үйреніп алған қу түлкі енді тышқан аулауды қоятын болар деп ойлапты.
− Ол ойымыз бекер екен, бір рет Яшканың тышқан аулағанына куә болдық. Биікке секіреді де, қарға тұмсығымен сүңгиді, − дейді Владимир. Лагерь орналасқан төңіректе негізі түлкі көп, бірақ олардың ешқайсысы да бұларға жақындамайды, геологтар олардың жортқанын алыстан ғана қызықтайды. Яшка ғана таңертең де, түсте де, түнге қарай да келіп тұрады.
− Осы жақында Яшканың ақылдылығына таңқалдық, − дейді тағы Владимир. Күндіз келгенде ол біз берген май мен нанды тістеп алғанмен жеген жоқ, апарып қарға көміп қойды. Мүмкін бізге келгенде тоқ болған шығар, бірақ тоқпын деп тамақты тастай салмады, ертеңін ойлады-ау шамасы. Расында, даладағы аңның өзінен басқа сенері болмағандықтан да табиғат оған қағылездік қасиет берген болар?
Яшка келген сайын Владимир оны ұялы телефонына суретке түсіріп отырады екен. Соның бірнешеуін «Егеменнің» оқырмандары көрсін деп, бізге де салып жіберді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20
Трамп Польшаға қосымша 5 мың әскер жібермекші
Әлем • Бүгін, 16:17
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:03
Жиһаз жасату немесе пәтер жөндеу кезінде алданып қалмас үшін не істеу керек?
Сауда • Бүгін, 16:00
Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?
Қоғам • Бүгін, 15:41
Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі
Сауда • Бүгін, 15:36
«Суға батты»: Астанада полицияны алдаған екі азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?
Сұхбат • Бүгін, 15:15
Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 15:06
Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады
Оқиға • Бүгін, 14:45
Атырауда балабақшада жұмыс істеген зейнеткерлерге жалақы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 14:21