Volkswagen концерні бірқатар кемшіліктер үшін АҚШ нарығынан 600 мыңға жуық Audi көлігін кері шақырды. Бұл туралы life.ru хабарлады.
National Highway Traffic Safety Administration агенттігінің ақпары бойынша Audi A5 (2013-2016), A5 Cabriolet (2013–2016), Q5 (2013–2016), Allroad (2013–2016), A4 (2013–2016) және A6 (2012–2015) үлгісіндегі 342 мыңнан астам көлік жанып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Сұйықтықты салқындататын сорғышы салқындату жүйесінің салдарынан қоқысқа толып қалуы мүмкін. Өз кезегінде бұл машинаның өртеніп кетуіне әкеледі.
Сонымен қатар, Audi Q5 (2011–2015) моделіндегі көліктер қауіпсіздік жастығына байланысты кері қайтарылады. Мәліметтерге сәйкес, оның газ генераторында ақау бары анықталған. Қауіпсіздік жастығының жүйесі іске қосылған сәтте көлік ішіндегі адамдарды жарақаттауы мүмкін деген қатер бар.
• 01 Ақпан, 2017
Volkswagen ақауларға байланысты 600 мың көлікті кері қайтарады

Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті
Аймақтар • Кеше
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Кеше