Қай деңгейдегі жарыста болсын, ел құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салған спортшы көптің есінде ерекше қалады. Өйткені, оның сүйінші хабары да ерекше ғой. Және, әрине, алтынның аты – алтын. Тәуелсіз Қазақстанда өтіп жатқан Универсиаданың алғашқы алтын жүлдесіне отандық спортшылардан алғаш болып биатлоншы Алина Райкова ие болды. Сайыс соңынан өткен баспасөз мәслихатында жеңімпаз жерлесімізбен аз-кем сұхбаттасудың сәті түсіп еді.
– Алина, жеңісіңіз құтты болсын! Өзіңіз алдын ала сенімді ме едіңіз?
– Рахмет. Сенімді болған жоқпын. Биыл сырқаттануыма, тағы бір себептерге байланысты Универсиадаға әзірлігім айтарлықтай емес еді. Сондықтан менің бұл жолғы негізгі мақсатым топ жарып, бірінші келу емес, өз бойымдағы осалдықты жеңу еді. Бүгін сол көздегеніме жеткеніме қуаныштымын!
– Жарыс кезінде қиыншылықтар болды ма?
– Жарыс барысында 15 км жолды дұрыс жүріп өту, дәл көздеп ату оңайға соққан жоқ. Физикалық тұрғыдан төзімім таусылып, қолымды бір сілтегім келген сәт те болды. Бірақ, санам, нәтижені ойлаған көңілім олай жасатпады, ақыл шіркін эмоцияға бой алдырған жоқ!.. Басты міндетім өз-өзімді жеңу еді. Алдыңа мақсат қоя білсең, армандай білсең және соған ұмтыла білсең, бәрі де мүмкін екен. Яғни, асқаралы мақсат алтын межеге жеткізеді!
– Сіздердің жарысқа ауа райының, жер жағдайының әсері болды ма?
– Бізге жүріп өту жүктелген трасса әлемдік биатлонда ең қиын саналатын жолдардың бірі. Оның үстіне, осы күні күн райы да тым қолайсыз болды. Қар жауып, жел де біресе оңнан, біресе солдан соғып, әр адымды қиындатып жіберді. Кідіріссіз жүгіріп отыру үшін аса абай болу қажет еді. Ал жарыс мәреге таяғанда айналаны тұман басты. Әйтеуір не керек, жарыс үлкен қиындықпен өтті. Оның таулы, қыратты жерде өткенін ескерсеңіз, қалай қалжырағанымызды өзіңіз бағамдай беріңіз.
– Бұл сіздің спорттағы ең үлкен жеңісіңіз бе? Өзіңіздің биатлондағы мықты және осал тұстарыңызды атай аласыз ба?
– Жоқ. Мен 2015 жылы өткен қысқы Универсиадада да алтын жүлдегер болдым. 2014 жылы Қазақстан құрамасының сапында Сочи Олимпиадасына қатыстым. Биатлонда мен көздеп атуға шебермін дей аламын. Осал жағым дегенде, шаңғымен жүгіру жағын әлі де шыңдауым керек. Содан кейін өз-өзімді қайрап, өзіме деген сенімімді арттыра түсуім қажет деп ойлаймын.
– Құрамадағы әріптесіңіз Галина Вишневская туралы пікіріңіз?
– Галина Вишневская салғаннан топ жарып, көш бастағанмен, қапыда құлап қалып, соның өзінде мәре сызығын екінші болып қиды. Ол әлі талай биіктерден көрінеріне күмәнім жоқ.
– Әңгімеңізге рахмет!
Болатбек ҚАУЫСОВ
• 01 Ақпан, 2017
Алина РАЙКОВА: Асқаралы мақсат алтын межеге жеткізеді!

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:36
Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 18:15
Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата заң деңгейінде бекітуді ұсынды
Ата заң • Бүгін, 17:54
Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?
Ипотека • Бүгін, 17:50
Жандос Өміралиев: Күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеті
Ата заң • Бүгін, 17:45
Қоғам • Бүгін, 17:38
Жетісу облысының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:22
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:19
Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген
Ата заң • Бүгін, 17:13
Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Жастар • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Президент • Бүгін, 16:38
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Оқиға • Бүгін, 16:29