Қазақстанның Ұлттық банкі 31 қаңтарда номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған ескерткіш күміс монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің қоршауында Қазақстанның елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және салмағын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, жоғарғы бөлігінде Ұлттық банктің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген ойыңқы жазуы бар.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы және «25 YEARS» жазуы бейнеленген.
Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1±0,31 г, диаметрі - 38,61 мм, таралымы – 1 мың дана.
Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар республиканың бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, еліміздің барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монетаның дизайны Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа институциялық эмблемасын пайдалана отырып Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
«Монеталардың бүкіл таралымын Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті сатып алады», – делінген хабарламада.
• 31 Қаңтар, 2017
Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына орай күміс монеталар шығарылды

Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады
Мирас • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:00
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше