Шымкентте салынып жатқан көлік-логистикалық орталығының құрылысы 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы «Көліктік-логистикалық аймақ» жетекші компаниясының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық деңгейдегі нысанның құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Алайда, ұлттық валютаның құнсыздануынан нысанды тапсыру мерзімі кейінге шегерілді. Ал «Қазақстан Логистика Групп» компаниясы тарапынан қаржыландырылған нысан салынып біткен. Осы жылдың мамыр айында Қазақстанның Даму банкінің қолдауымен нысанның бірқатар бөлігін салып бітіру жоспарланып отыр.
«Бұл жерде негізінен «А» санаттағы қоймалар болады. Онда құрғақ, климаттық қоймалар мен контейнерлік алаңдар, әкімшілік ғимарат бой көтереді. Құрғақ қоймаларда халық тұтынатын тауарлар, өзгесінде ет-сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер сақталады», – деді жоба жетекшісі Диас Ермекбаев.
Құны 15 млрд 796 млн теңге болатын жоба шекара маңындағы Оңтүстік Қазақстан облысының тауар ағынын өңдеу бойынша инфрақұрылымға деген артып отырған қажеттіліктерге бағдарланған. ҚДБ тарапынан қаржыландыру Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында ұсынылды. 15 жылға дейінгі мерзімге берілген қарыз сомасы 11,8 млрд теңгені құрайды.
«8 жобаға 24 млрд теңге көлемінде инвестиция салынбақ. Оның ішінде 250 шаршы метріне қоймалар салынады. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында инфрақұрылым, электр жарығы, кәріз жүйесіне, темір жол салуға қаржы қарастырылған. Бүгінде аймақты электр жарығымен қамтамасыз ететін станса дайын болып қалды», – деді «Сауда-логистикалық аймағы» компаниясының атқарушы директорының орынбасары Ерғали Бектаев.
Айта кетейік, түрлі жүктерді сақтау және қайта өңдеу бойынша ОҚО қажеттілігі 1 миллион шаршы метрді құрайды. Бұл ретте өңірдегі жүк айналымы қарқынды өсе түсуде: 2011 жылы бұл көрсеткіш 111,1 млн тоннаны құраса, 2012 жылы – 123,8 млн тонна, 2013 жылы – 132,9 млн тонна, 2014 жылы – 145 млн тонна, 2015 жылы 154,6 млн тонна болды.
• 27 Қаңтар, 2017
Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының құрылысы 2019 жылы аяқталады

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30