Құрметті депутаттар!
Өздеріңізге мәлім, кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойын- ша Қазақстан азаматтарына арнайы Үндеуін жариялады. Президент өзінің бірқатар өкілеттіктерін биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарына беру бастамасын көтерді.
Қызмет атқарып жүрген Мемлекет басшысы құзыретін биліктің тармақтарына өз еркімен беруі – дүние жүзіндегі саяси өмірде өте сирек кездесетін құбылыс. Конституцияға енгізілуі көзделіп отырған бұл өзгерістер Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы мемлекетіміздің дамуында маңызды бетбұрыс болатыны анық. Біздің саяси жүйеміз «Мықты Президент, Беделді Парламент, Есепті Үкімет» тұжырымдамасына негізделетін болады.
Сенат депутаттары біздің Президентіміздің Үндеуін белсенді түрде халық арасында кең ауқымда насихаттайды деп сенемін.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Парламент Сенатының Төрағасы
• 27 Қаңтар, 2017
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ата Заңға өзгерістер елді өркендетуде маңызды бетбұрыс болатыны анық
Құрметті депутаттар!
Өздеріңізге мәлім, кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері бойын- ша Қазақстан азаматтарына арнайы Үндеуін жариялады. Президент өзінің бірқатар өкілеттіктерін биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарына беру бастамасын көтерді.
Қызмет атқарып жүрген Мемлекет басшысы құзыретін биліктің тармақтарына өз еркімен беруі – дүние жүзіндегі саяси өмірде өте сирек кездесетін құбылыс. Конституцияға енгізілуі көзделіп отырған бұл өзгерістер Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы мемлекетіміздің дамуында маңызды бетбұрыс болатыны анық. Біздің саяси жүйеміз «Мықты Президент, Беделді Парламент, Есепті Үкімет» тұжырымдамасына негізделетін болады.
Сенат депутаттары біздің Президентіміздің Үндеуін белсенді түрде халық арасында кең ауқымда насихаттайды деп сенемін.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Парламент Сенатының Төрағасы
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше