Йемендегі әскери қақтығыстар елде ірі ашаршылықтың болуына себеп қылуы мүмкін, деп мәлімдеді БҰҰ төтенше көмек үйлестірушісі Стивен О`Брайен. Бұл туралы BBC жазады.
Қауіпсіздік кеңесінде сөз алған ол 10 млн-нан астам йемендік азық-түлік тапшылығын тартып отырғанын мәлімдеді. Олардың көпшілігі ашаршылық шегінде көрінеді. БҰҰ өкілінің айтуынша, 10 млн-ның 2,2 млн-ы балалар. "Йемендегі гуманитарлық жағдай шиеленісіп барады. Әскери қақтығыс күн санап күшеюде. Соңғы аптаның өзінде 365 оқиға тіркелді", - деді О`Брайен. 2014 жылдың тамыз айынан бері Йеменде Сауд Арабиясының қолдауындағы билік пен шииттік топ арасында қақтығыс толастамай отыр. Осы уақыт аралығында елде 7469 адам қайтыс болса, 40 мыңы жараланған.Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше