Былтыр ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында бірқатар қылқалам шеберлерінің көрмесі өткен болатын. Олардың арасында Жұмахмет Мырзахметұлының «Тәуелсіз елімізге Алла жар болсын» атты жеке көрмесі есте қалыпты. Көрмеде суретшінің пейзаж жанрындағы туындылары шерулеткен еді.
Жұмахмет Мырзахметұлы өзінің суреткерлік әлемі арқылы монументальды-декоративтік мәнерді ғана емес, символикалық-концептуальдық стилін танытқан талант иесі. Жалпы алғанда, суретшінің тақырыптық композициялық идеясы өте ауқымды және мағыналы. Соңғы көрмесінде суретшінің 60 туындысы қойылса, өзі де 45 жылдан бері 60-тан астам халықаралық, республикалық деңгейдегі көрмелерге қатысқан.
Қылқалам шеберінің шығармаларынан дала иісі аңқиды. Тау бөктерлері алыстан мұнартып, ауылдың түтіні адамды өзіне тартады. Оның мың құбылған «Күннің батуы», «Жауынды күн», «Бұлтты күн», «Күзгі Көктөбе», «1-ші шағын аудан», «Айлы түн» сынды туындылары жаздың шуақты күндеріне шақырып, алыстан мұнарланған сағым лебін де сезінгендей боласың. Күн шұғылалы биік таулар, жайқалған ағаштар, өзен сылдыры мен желпіп соққан самал жел, таңсәрі, көкжиектегі күн, күннің батуы, бәрі-бәрі, әсіресе, қызыл-сары түстегі бұлттардың өзі де философиялық сырды ашып көрсетеді.
Шебер жұмыс жасау үшін терең ойланады. Шығармаларының дені рухани тақырыпта жазылған. Әсіресе, қазақ елінің өткен өмірі туралы жазылған «Полигон», «Арал», «Қазақ Пирамидасы» және «ХХ ғасырдың нәубеті» атты туындысы дүниеге келді. Соңғы картинада қара қазан төңкеріліп, қара үйдің ойраны шығып, шаңырағы ортаға түскен. Екі шырақ жағылып, уыққа үш түрлі түстегі шүберек байланған. Қара қазан төңкерілгені – ашаршылықтың төнгені, шаңырақтың құлауы – отбасының о дүниеге кеткені. Жағылған шырақ келешек өмірге үміт береді. Ал уық басындағы шүберек қаза болған адамның жасына қарай байланатын болған. Жас жігіт қаза болғанда – қызыл, орта жастағы жігітке – қара, жасы келген қартқа ақ шүберек байланған. Осы тақырыпты көп зерттеп, жұмыс жасаған ойшыл суретші штрих-код жаңалығын ашты. Біздің дана халқымыз салт-дәстүрді жақсы сақтаған. Қаза болған адамға құрметпен қарау сауабын тигізеді. Ауыр тақырып болса да ұмытылған дәстүрді жаңғыртып келешек ұрпаққа үлгі беретін тарихи туындылар суретшінің жан дүниесінен жарып шыққан шығармалар екенін аңғарамыз.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46