Алматыда Бокстың бүкіләлемдік сериясындағы жетінші маусымының және WSB-ның екі дүркін жеңімпазы «Astana Arlans» командасының жаңа құрамының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Белгілі жарыстың форматына, бірқатар клубтар қысқаруы себепті, айтарлықтай өзгерістер бар. Енді 12 команда құрлықта орналасу ыңғайына қарай үш топқа бөлініп, кейін әр топтың жеңімпаздары бір-бірімен кездеседі. «С» тобындағы «Astana Arlans» Азияның «Russian Boxing Team», «China Dragons» және «Uzbek Tigers» командаларымен бақ сынасады.
Жаңа маусым ақпан айында басталып, әр топтың жеңімпаздары сәуір айында болатын плей-оффқа дейін анықталуы тиіс. Ал финалдық жекпе-жектер маусым айында өтеді. Ширек финалға топаралық сайыстардан екі жеңімпаз және үшінші орын алған екі клуб өтеді.
Айта кету керек, маусымдар аралығында «Astana Arlans» клубының құрамында біршама өзгерістер болды. Басшылар клубты ықшамдау туралы шешім қабылдап, биыл команда құрамында ел намысын былтырғыдай отыз емес, жиырма боксшы қорғайтын болды.
Клубтың бас менеджері Серік Сәпиевтің айтуынша, жаңа маусымда клуб құрамында еліміздің ең бір мықты деген боксшылары өнер көрсетеді. Олардың ішінде жақында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Рио олимпиадасына қатысқандар да бар.
Ұйымдастырушылар биылғы маусымға жоспарлаған игі істердің бірі – бокстың өңірлерде дамуына ықпал ету мақсатында командалық кездесулер еліміздің бірнеше қаласында өткізіледі.
Тағы бір жаңалық – бұған дейін Қазақстан құрама командасында 52 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, WSB-ның бесінші маусымының жеңімпазы, Рио олимпиадасына қатысушы Олжас Сәттібаев команда капитаны болып сайланды.
«Astana Arlans» командасының жаңа маусымдағы құрамында, сонымен қатар, WSB-ның бесінші маусымының жеңімпазы Теміртас Жүсіпов (49 кг дейін), Лондон олимпиадасына қатысушы, былтырғы ел чемпионатының жүлдегері Ілияс Сүлейменов (56 кг дейін), ел чемпионатының күміс жүлдегері, WSB-ның 2015 жылғы чемпионы Закир Сафиуллин (60 кг дейін), WSB-ның 2015 жылғы жеңімпазы, WSB-ның 2016 жылғы болжамы бойынша Азияның үздік боксшысы Асланбек Шымбергенов (69 кг дейін), А.Құлыбаев атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы, биылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері, WSB-ның 2015 жылғы жеңімпазы Қанағат Маралов (69 кг дейін), Универсиада жүлдегері, WSB-ның 2015 жылғы жеңімпазы Нұрдәулет Жарманов (81 кг дейін) сияқты дарынды боксшылар өнер көрсетеді.
«Astana Arlans» жетінші маусымның алғашқы матчын 4 ақпан күні «Russian Boxing Team» клубымен өткізеді.
Әнуар Абдрахманов

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46