Қысы қаһарлы Шығыста мұндай жайттарға жергілікті жұрттың еті үйренген, көп таңғала бермейді. Десек те, «ауылға елік кіріп кетті» дегенде еріксіз елең еттік. Мұны бізге Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында тұратын ардагер әріптесіміз Хамза Сәтиев хабарлады.
– Аңшылардан қашты ма, ит-құстан үрікті ме екен, бақшамызға елік кіріп кетті. Қоршаудағы темір торға соғылып, жараланып қалыпты. Ұстап алып, жеке қораға қамап, шөп беріп, үш-төрт күн бақтық. Бетіндегі қаны кетіп, жарасы жазылғандай болған кезде ауылдың сыртына Тана мырза ауылы жақтағы шабындыққа апарып, далаға босатып жібердік, – дейді әріптесіміз.
Хамза Сәтиевтің айтуынша, екі көзі мөлдіреп тұрған түз тағысы балалардың қолынан босап шыға салысымен зымырай жөнеліпті. Шамамен жүз метрдей жерге барғаннан кейін тоқтап, артына бұрылып, сәл қарап тұрыпты да, ен даланы бетке алып, қалың шиге барып сіңіп кетіпті. «Қорада тұрғанда еліктің қасына барып, шөп салып, басынан сипап, суретке түсіп, бауыр басып қалған немерелерім Иманғали мен Айзере: «Әлгі елік далаға қашып бара жатып бізге бұрылып, «сау болыңдар» деді ғой», деп мақтанады», деп аяқтапты Хамза Сәтиев ағамыз бізге жолдаған шағын хабарын.
Елік дегеніңіз жануардың ішіндегі сұлуы ғой, шіркін! Артына бұрылып қарағаны, періште көңіл балалар мен кең пейілді журналист-отағасына жеткізген алғысы шығар. Өзінен гөрі жұрттың қамын көп ойлайтын журналист қауымы шынында да аңқылдаған, алғаусыз халық қой. Түз тағысы да сірә, соны сезген болар.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы
Суретті түсірген
Хамза СӘТИЕВ

Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:35
Премьер-министр жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:57
Қазақстанда биыл ашылатын ЖИ университетіне кімдер түсе алады?
Білім • Бүгін, 12:50
Биылдан бастап елімізде жүк тасымалдайтын ұшақтар ұша бастайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:33
Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады
Қоғам • Бүгін, 12:00
Кендірлідегі әуежайдың қашан ашылатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 11:58
Қызылордада 4 жасар бала терезеден құлап кете жаздады
Қоғам • Бүгін, 11:52
Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады
Технология • Бүгін, 11:50
Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты
Білім • Бүгін, 11:47
Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 11:44
Бір билетпен екі адам өтуге болмайды: LRT басшылығы жолаушыларға ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы қашан ашылады?
Елорда • Бүгін, 11:40
Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет-әлпет арқылы тіркеу енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 11:27