Үлестік құрылыс туралы жаңа заңды тиімді іске асыру және атқарылып жатқан жұмыстардың транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі үлестік құрылыстың бірыңғай картасын әзірледі, astana.gov.kz.
Картада үш ауданда орналасқан үлескерлік құрылыстың 56 нысаны көрсетілген. Карта екі бағыттан тұрады: проблемалық нысандар және жаңа заңның нормаларына сәйкес салынып жатқан нысандар. Ол өте ыңғайлы және көпфункционалды болып табылады. Сондай-ақ, тұрғын үй кешенінің мекенжайы мен орналасқан орны, сипаттамасы, фото және бейнекөрсеткіштер ұсынылған.
Үлескерлер нысанның мәртебесімен танысып, құрылыс жұмыстарының барысы мен кезеңдері, құрылыс салушы туралы дұрыс мәлімет ұсынылған толық техникалық құжаттама туралы ақпарат ала алады. Үлестік құрылыстың бірыңғай картасының басты артықшылықтары - шынайы ақпарат ұсыну, айқындылықты қамтамасыз ету, ТК нысандары бойынша өзекті ақпараттың қолжетімділігі, бірыңғай мәліметтер базасына қолжетімділік, барлық пайдаланушылар үшін түсінікті интерфейс. Қазіргі кезде 30-дан аса проблемалық нысан Астана әкімдігінің бақылауына алынды. Нысандардың тізімі ресми сайтта жарияланған.
Әр апта сайын ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қалған нысандар бойынша жағдай туралы үлескер-инвесторлардың бастамашыл топтарының ақпараттары тыңдалады. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері қолданыстағы заңнаманың шеңберінде құрылыс салушыларға нысандардың құрылысын аяқтауда қолдау көрсетіп отыр. Құрылыс салушы тарапынан нақты жұмыс жүргізілмесе, құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін нысандарды ТҚК-ге беру бойынша сот процедураларын жүргізу ұсынылады. 2014-2016 жылдары комиссия қызметінің арқасында 20-ға жуық проблемалық нысанның құрылысын аяқтау мәселелері шешімін тапқан.

Мексикалық футболшылар өз алаңында есе жіберген жоқ
Спорт • Бүгін, 02:07
Жозе Моуринью «Реалға» қайта оралды
Спорт • Кеше
Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды
Әлем • Кеше
ӘЧ-2026 ашылуында кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Кеше
Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі
Қоғам • Кеше
Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді
Шаруашылық • Кеше