Үйден шыққанымда күн арқан бойы көтеріліп қалған екен. Үйдің жанындағы картоп егетін шарбақтың қасында інім Нұрбол қайыңның діңінен кесілген жаңғырыққа салып тоқымның шоқтықты жабатын жерін өткір бәкімен дөңгелетіп ойып жатыр екен.
– Не істеп жатырсың, – деп сұрадым.
– Өткенде қойдың кезегінде балалар көк атты таң асырмай, ертоқымын ыстықтай алған екен. Шоқтығы күлдіреп қалды.
Жарықтық жылқының терісі өгіз терісі талыстан сынықсүйем жұқа болмаса да суытпай алса жауыр болып қалады. Ал дөңгелете кесіп жатқаны, тоқымның алақандай тесігі жауырды қажамауына жақсы. Тек төсайылын қаттырақ тартса болғаны.
– Аз күнге босатып жібермейсің бе? Қоң жинасын, жауыры жазылсын,–деймін мен.
– Жоға, төрт-бес үй бетіне қарап отырған жалғыз атты дәл қазір қайтіп босатарсың. Жауырын жаба тоқымдап, қар түскенше жүре тұрамыз, – деді інім.
Дәл осы арада «жауырды жаба тоқымдап» деген сөз санама сақ ете түсті. Біз ғой, қалам ұстағандар, қаншама жылдан бері «жауырды жаба тоқып» деп жазып келеміз. Анығында оның дұрысы жауырды жаба тоқымдап екен ғой. Қалай білмегенбіз. Інімдікі өте қисынды, реті де солай бір ауыз сөзін жадыма тоқып алдым. Бірақ, өзіне тіс жарып айтқаным жоқ. Білместігімізді білсе, қарекетімізден түңілер деп қымсынғаным ғой.
Інім әңгімені әрі қарай қаузады.
– Біздің ауылдың балалары шетінен аңшы. Ірі фирмалар егін егуді қойған соң анау Жалғызтаудан бері қарайғы, Қарағаштың бауырындағы қалың ағаштың етегі, Жарқын көлінің оң қабағы мен сол қабағы тусырап бос жатыр. Қазір сол жерлерді алабота, арамшөп басып кетті. Құдды киіз дерсің. Арасында түлкі, қоян тәрізді ұсақ аң, елік жыртылып айырылады. Басқа істейтін ермегі болмаған соң ауылдың жігіттері жүйрік ит ұстап, аң аулауға көшкен. Бұрын ілуде бір кездесетін түлкі дегеніңіз қойдай өріп жүр. Қыз-келіншектің көңілі құндызға ауып кеткен соң, түлкі терісі қадірсіз болып қалды ғой. Жүні жетіліп, түбіттенген алғашқы қансонарда да ешкім аулай бермейді. Илеп, тымақ тігетін де ісмер жоқ. Тек қызық үшін иттерге алдырып, әйтпесе атып кетеміз. Өткенде түлкінің бір апанын қазып едік, үш тауық, екі жабайы үйрек шықты. Күшіктеріне әкеліп тастаған жемі болу керек. Бір ғана түлкінің кесірін көрдіңіз бе? – деді інім, – қазір біздің ауылдың балалары аң дегенде ішер асын жерге қояды.
Аң туралы аңыратып айтқан әңгіменің арасынан сүзіп алғаным, «Ішер асын жерге қояды» деген сөз. Ал біздің журналистер «Ішкен асын жерге қояды» деп жазады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, ішкен асыңызды қанша тырыссаңыз да жерге қоя алмас едіңіз. Ішіп қойдыңыз ғой.
Ауылдан олжалы оралдым. Рас, баяғыдай қоржыныңның екі басын толтырып жіберетін қомақты сыйы жоқ. Есесіне үш сөзді түзетіп, анығын ала қайттым. Қалам ұстаған адамға аз олжа емес қой.
Байқал БАЙӘДІЛОВ,
журналист
КӨКШЕТАУ

Ләззат Қалтаева Жаңа Конституция мәтінін инклюзивті форматтарға аударуды ұсынды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38
«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:12
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:01
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:50
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Экология • Бүгін, 15:35
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 15:03
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
Несие • Бүгін, 14:48
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:59
Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33