«Ордабасы» футбол клубының жаттықтырушысы Бақтияр Байсейітов «Астана» командасының бұрынғы шабуылшысы Таңат Нөсербаев жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Елордалықтардың сапынан кеткеннен кейін Нөсербаев еркін агент ретінде жүр. Сондай-ақ, соңғы кездері Жамбыл Көкеевке де назар аударғаны туралы сыбыстар тараған. Бұл туралы: «Таңат Шымкенттегі жалпы жиында бізбен бірге жаттықты. Егер бәрі ойдағыдай болып, көңілімізден шығып жатса, келісімшартқа отырамыз. Ал Көкеев жайлы ақпарат жалған. Мен біраз ойыншыларға қызығушылық танытып жүргенім рас. Бірақ олардың арасында Жамбыл жоқ», – деді.
Сонымен қатар, жақында Бақтияр Байсейітовтің бапкерлік қызметтен клубтың басшылығына ауысады деген жаңалықтар тараған. Алайда, ол ақпаратты да жоққа шығарып, жаттықтырушылық міндетін ары қарай жалғастыратынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Таңат Нөсербаев соңғы үш жылын «Астанада» өткізді. Мұнда ол 152 матчқа қатысып, 46 голдың авторы атанған. Қайрат Нұрдәулетов кеткеннен кейін капитандық міндетті атқарды.
Өткен маусымды төртінші орында аяқтаған «Ордабасы» бұған дейін Самат Смақовпен келісімшарт мерзімін ұзартқан. Сонымен қатар, шымкенттіктер командасыз жүрген Бауыржан Жолшиевті де бірнеше рет шақырған болатын.
• 06 Қаңтар, 2017
Таңат Нөсербаев «Ордабасының» ойыншысы атануы мүмкін

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше