• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:09

Талдықорғанда заңсыз деректер базасын қолданған коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды

Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратура және ҰҚК департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін заңсыз пайдаланумен айналысқан коллекторлық агенттіктің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласында орналасқан коллекторлық агенттік қызметкерлерінің азаматтардың дербес деректерін қамтитын мамандандырылған ақпараттық жүйені заңсыз пайдаланғаны анықталды.

Киберқауіпсіздік: өз деректерімізді қалай қорғаймыз?

Бұл заңсыз деректер базасы арқы азаматтардың тегі мен аты-жөні, ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі) мен ұялы телефон нөмірлері туралы ақпараттарды іздеуге мүмкіндік болған. 

Тергеу аясында осы заңсыз деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар үш адам ұсталды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарында санкцияланған тінту амалдары жүргізілді.

Хакерлер ЖИ көмегімен Instagram қолданушыларының деректерін ұрлаған

Дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату үшін пайдаланылған компьютерлік техника мен мобильді құрылғылардың едәуір көлемі тәркіленді. Тексеру шараларын жүргізу мақсатында бірнеше адам полиция органдарына жеткізілді.

Бұған дейін Қазақстан азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа заңнамалық түзетулерді әзірлеп жатқанын хабарлаған едік. Жаңашылдықтардың бірі – таралып кеткен дербес деректердің арнайы тізілімін құру. Мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы әрбір азамат өзіне қатысты қандай мәліметтердің ашық қолжетімділікке шығып кеткенін немесе таралу қаупі бар екенін тексере алады. Бұл жеке деректердің заңсыз қолданылуының алдын алып, азаматтарға дер кезінде қорғану шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар