• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 03 Маусым, 2026

Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.

3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар