• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:22

Екібастұзда жүк көлігі балалы әйелді қағып кетті

Павлодар облыстық полиция департаменті 24 мамыр күні ГАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі кері бағытта қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншілер жолында тұрған әйелді қағып кеткенін мәлімдеген. Зардап шеккен әйел қолында кішкентай баласын ұстап тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғадан кейін әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Науқас жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақтанған соң травматология бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты, ауырлығы орташа деңгейде. Қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр», делінген ведомство хабарламасында.

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

Ал сәби медициналық көмекті қажет етпеген. Жүк көлігі айып тұрағына қойылды.

Шығыс Қазақстанда велосипедшілер тобын көлік қағып кетті

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар