Екібастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылық орталығы мемлекеттік қолдау мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде жүзеге асқан маңызды жобалардың бірі ретінде балалар игілігіне жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екібастұз қаласына сапары аясында тұрғындар тарапынан балаларға арналған қосымша білім беру орталығын ашу туралы өтініш көтерілген болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бой көтерген «Самғау» бүгінде Павлодар облысындағы ең ірі қосымша білім беру орталықтарының қатарына кіреді. Құны 5,3 млрд теңгені құрайтын жоба ERG тобы мен KazMinerals Bozshakol компанияларының әлеуметтік қолдауымен іске асқан.
Жазғы демалыста балаларға арналған 11 мыңнан аса орталық жұмыс істейді
Орталықта 5 000-ға жуық бала тегін білім алады. Мұнда робототехника, бағдарламалау, инженерлік бағыт, өнер және спорт секілді түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100-ден астам бала инклюзивті ортада білім алып, өз қатарластарымен бірге шығармашылық және білім беру бағдарламаларына қатысады.
Жоба өңірдегі адам капиталын дамытуға және балалардың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.
Еске сала кетейік, бүгінде елімізде 1,8 млн-ға жуық бала тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады.