• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 15:27

Францияда 3D-принтер көмегімен 34 күнде көпқабатты тұрғын үй салынды

Францияның Реймс қаласында құрылысқа арналған 3D-принтер арқылы көпқабатты тұрғын үй салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобаны Plurial Novilia құрылыс компаниясы жүзеге асырған. Құрылыс барысында бетон қабырғалар мен ғимараттың негізгі көтергіш конструкцияларын басып шығаруға арналған COBOD BOD2 өнеркәсіптік принтері қолданылған.

Алғашында құрылыс жұмыстары 50 күнге жоспарланғанымен, үйдің негізгі конструкцияларын тұрғызуға небәрі 34 күн кеткен. Осылайша жаңа технология үй салу процесін үш айға дейін қысқаруға болатынын көрсетті.

Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрайды. Пәтерлердің барлығы жеке балкондармен жабдықталған. Қазіргі уақытта компания жаңа әдіспен шамамен 40 пәтерден тұратын тағы бір тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл жолы құрылыс жұмыстарына бірден екі 3D-принтер тартылмақ.

Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады

Сарапшылардың пікірінше, үш өлшемді басып шығару технологиясы құрылыс саласындағы ең перспективалы бағыттардың біріне айналып келеді. Ол құрылыс мерзімін қысқартып қана қоймай, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот пайда болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар