• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теңге Бүгін, 09:30

Доллар бағамы 485 теңгеден асты

Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 31 мамырға белгілеген ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 485,95 теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ ресми валюта бағамдарына сәйкес:

Еуро – 565,74 теңге; Ресей рублі – 6,83 теңге; Қытай юані – 71,81 теңге.

Айта кетейік, 29 мамырда доллардың ресми бағамы 485,55 теңге болған. Осылайша, демалыс күндеріне қарай америкалық валюта шамамен 40 тиынға қымбаттады.

Сарапшылардың пікірінше, теңге бағамына әлемдік нарықтағы мұнай бағасы, АҚШ долларының жаһандық позициясы және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс әсер етеді.

Қазақстан қор биржасында (KASE) қалыптасқан орташа бағам негізінде Ұлттық банк келесі күнге арналған ресми доллар бағамын бекітеді.

Соңғы жаңалықтар