Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге бірқатар сауда-экономикалық жоба, Амур жолбарыстарын Қазақстанға жерсіндіру, жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы, «Сириус» мектебі бастамалары таныстырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан кейін президенттер келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдап, БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізеді.
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа моделін әзірлеп жатыр
Айта кетейік, жолбарысты қайта жерсіндіру бастамасы көптеген жылдар бойы жойылып кеткеннен кейін тарихи таралу аймағындағы ірі жыртқышты қалпына келтірудің бірегей халықаралық үлгісі ретінде қарастырылады.
«Сириус» мектептерінде «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы оқытылады