Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық жүйелі және тұрақты сипатқа ие. Ынтымақтастық тұрақты түрде тереңдеп келеді және өндіруші сектордан бастап жоғары технологиялық машина жасау саласына дейінгі бірлескен бастамалардың үлкен портфелін қалыптастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі таңда жалпы инвестиция көлемі 52,7 млрд долларды құрайтын 177 жобадан тұратын пул құрылды, оның ішінде 22,4 млрд долларға бағаланған 122 жоба іске асырылды, жалпы құны шамамен 10 млрд долларға тағы 24 жоба іске асырылу сатысында, сондай ақ 20,3 млрд доллар сомасына бағаланған 31 перспективалы жоба пысықталды.
Шын мәнінде, Қазақстан мен Ресей қазіргі уақытта технологияға, локализацияға және жоғары қосылған құн өнімдерін бірлесіп өндіруге негізделген өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа моделін әзірлеп жатыр. В.Путиннің Қазақстанға сапары жаңа бірлескен кәсіпорындарды іске қосуға қосымша серпін береді және екі елдің өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі нығайтады деп күтіліп отыр.
Ең ірі мысалдардың бірі – Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде іске асырылып жатқан «ЕвроХим» химиялық кешені. Жоба жылына 600 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыштар мен 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруді көздейді және азық-түлік қауіпсіздігі мен онымен байланысты салаларды дамыту үшін стратегиялық маңызды болып саналады.
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа моделін әзірлеп жатыр
Қостанайдағы «КамАЗ» ЖАҚ-пен бірлескен кәсіпорын KamLitKZ машина жасау саласында ерекше орын алады. Бұл коммерциялық көліктерге арналған автомобиль компоненттерінің заманауи, жоғары технологиялық өндірушісі. Автоматтандыру және технологиялық шешімдер тұрғысынан кәсіпорынды Германиядағы ең ірі, келесі буын қозғалтқыштарына арналған компоненттер шығаратын Daimler заманауи өндіріс алаңдарымен салыстыруға болады.
Tengri Tyres компаниясының «Татнефть» ЖАҚ-пен бірлескен «Attar» отандық брендімен шина шығару жобасы да белсенді дамып келеді. Компания қазірдің өзінде жылына 3,5 млн шина өндіру жоспарланған қуатымен Қазақстандағы жалғыз экспортқа бағытталған шина өндірушісіне айналды.
Тау-кен өнеркәсібін 2007 жылы Ресейдің мыс компаниясы іске қосқан Ақтөбе мыс компаниясы ұсынады. Оның қазіргі өндіріс көлемі жылына 4,8 млн тонна кенді құрайды, бұл 2 332 жұмыс орнын құруға және соңғы 5 жылда шамамен 18 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді, бұл өнеркәсіптік ынтымақтастықтың практикалық әсері мен ұзақ мерзімді сипатын көрсетеді.
Мұнымен қоса, қазіргі уақытта машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру саласында бірқатар жобалар іске асырылу сатысында, оларды 2026 және 2028 жылдар аралығында аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жергіліктендіру бойынша Kazrost Engineering және «РостСельМаш» жобалары, «СемАЗ» ЖШС мен «ГАЗ» ЖШҚ бірлескен автомобиль өндірісі, Алматы облысында «ТЕХНОНИКОЛЬ» корпорациясымен бірлесіп жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі және Қарағанды облысында «Завод Техно» ЖШҚ-мен бірлесіп іске асырылатын заманауи, жоғары тиімді жылу оқшаулағыш материалдарын өндіруге арналған Karaganda Insulation жобасы кіреді.
Еске салайық, кеше Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. «Egemen Qazaqstan» газетінде Владимир Путиннің «Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ» атты мақаласы жарияланды.
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.