• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:57

«Ішінара мойындаймын»: Сұлтан Сәрсемалиев сот айыптауларымен толық келіспейтінін мәлімдеді

Атырау қаласында бір отбасының төрт адамын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот отырысында прокурор Наурыз Мұқанғалиевтің қазасына қатысты айыптау актісін оқыды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Наурыз Мұқанғалиев бір жыл бұрын Атырау маңындағы Геолог шағынауданындағы жалға алынған үйде қаза тапқан.

Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді

Сот материалдарында көрсетілгендей, жәбірленушінің денесі ұзақ уақыт бойы жер астында болып, қылмыстан кейін 6-8 ай өткен соң табылған. Іс материалына сәйкес айыпталушы қылмыс жасағаннан кейін мәйітті жасырған. Ол жалға алған үй ауласында шұңқыр қазып, денені сол жерге көмгені көрсетілген.

Алайда сот отырысында Сұлтан Сәрсемалиев үш адамның қылмысын мойындағанымен, Наурыз Мұқанғалиевтің қазасына қатысты қылмыс эпизодындағы қасақана әрекетін жоққа шығарды.

 

 

Соңғы жаңалықтар