• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 12:35

Енді пара беруге уәде ету де қылмыс болып саналады

Сенаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа нормаларға сәйкес, енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін жеке мүдде үшін пайдалануға қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар, мүдделер туралы декларация тапсыру міндеті енгізіліп, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда нақты әрекет ету тәртібі белгіленді.

Заңда туыстардың бір мекемеде жұмыс істеуіне қатысты шектеулер де кеңейтілді. Енді тікелей бағыныштылықпен қатар, жанама ықпал ету, кадрлық сүйемелдеу және ішкі бақылау сияқты жағдайлар да ескеріледі.

Сондай-ақ антикоррупциялық шектеулердің ауқымы кеңейтіліп, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен бюджет және Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын жобаларға қатысушылар да қамтылды. Мемлекеттік органдардағы кадрлық процестерді цифрландыру мақсатында «Е-қызмет» жүйесін қолдану тәртібі бекітілді.

Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды

Ең маңызды өзгерістердің бірі – енді пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету де қылмыстық жауапкершілікке жатқызылатын болды. Сонымен қатар, заңды тұлғалардың жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді, ал әкімшілік істер бойынша ескіру мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды.

Ал жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымдарға өмір бойы жұмысқа тұруға тыйым сақталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс сайлау жүйесіне қатысты жаңа заң қабылдаған болатын. Заңға сәйкес, жемқорлықпен сотталғандар енді сайлау комиссиясына мүше бола алмайды.

Соңғы жаңалықтар