Елімізде екі универститет лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған университеттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
«Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазір оның ішінде екі университетке қатысты нақты шаралар атқарылуда», деді Саясат Нұрбек.
Шымкентте мектеп түлегі 23 шетелдік университеттен шақырту алды
Алайда министр нақты қай жоғары оқу орындары екендігін атамады. Оның айтуынша, мұндай ақпаратты мерзімінен бұрын жариялау студенттерге кері әсер етуі мүмкін.
«Бұл жерде жүздеген мың студенттің тағдыры тұр. Соңғы шешім қабылданбай тұрып, процедуралық мәселелерді жариялау дұрыс емес», деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр биыл талапкерлерге 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінгенін айтқан болатын.