• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 14:06

Жастардың шетелге кетуі азаяды: Курорт аумағында заманауи жұмыс орындары ашылады

Алматыда Көк-Жайлау шатқалындағы Almaty SuperSki тау курорты жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар жалғасып жатыр. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – жобаның еңбек нарығына әсері мен жастар үшін ашылатын мүмкіндіктері туралы болды, деп жазады Egemen.kz.

Тыңдау барысында қоғамдық кеңес мүшесі Ермек Қожамсүгіров жоба аясында шамамен 15 мың жұмыс орны ашылады деген ақпараттың рас-өтірігін сұрады. Жоба өкілдері құрылыс кезеңінде де, курорт іске қосылғаннан кейін де мыңдаған жаңа жұмыс орны құрылатынын растады.

«Иә, жұмыс орындары ашылады. Бұл – ауқымды инфрақұрылымдық әрі туристік жоба. Оған құрылыс, сервис, қонақүй бизнесі, көлік, спорт және туризм салаларының мамандары қажет болады», делінді талқылау барысында.

Андрей Кукушкин: Алматы тау кластерінің экономикаға қызмет ететін кезі келді

Тыңдау қатысушылары тау кластерін дамыту Қазақстандағы жас мамандарды елде ұстап қалудың маңызды факторына айналуы мүмкін екенін де атап өтті. Жоба қолдаушыларының пікірінше, заманауи жұмыс орындарының ашылуы мен халықаралық туризмнің дамуы жастарға шетелге кетпей-ақ Алматыда мансап құруға мүмкіндік береді.

«Қалада халықаралық деңгейдегі ірі жобалар пайда болған кезде жастар өз елінде даму мүмкіндігін көреді. Бұл кадрлардың шетелге кетуін азайтуға тікелей әсер етеді», деген пікір айтылды тыңдау барысында.

Қатысушылардың сөзінше, Almaty SuperSki тек туристік нысан ретінде емес, шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндік беретін, Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыратын әрі қаланың халықаралық туристік орталық ретіндегі мәртебесін күшейтетін ұзақмерзімді экономикалық жоба ретінде қарастырылып отыр.

Аталған жоба шеңберінде 20 мыңға дейін жұмыс орны ашылуы мүмкін екені айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар