• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 12:43

Алдағы күндері ауа райы күрт бұзылады

26-28 мамыр аралығында Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, 27 мамырда Қазақстанның батысында, 27 және 28 мамыр аралығында оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықта, ал 28 мамырда солтүстік пен шығыс аймақтарда жаңбыр жауады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Найзағай, үсік және шаңды дауыл: 25 мамырға арналған ауа райы болжамы

26 және 27 мамыр түндерінде шығыс аймақтарда ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндіз:

батыста +16…+28 градус, солтүстік пен орталықта +18…+25 градус, шығыста +23…+30 градус, оңтүстікте +20…+27 градус шамасында болады.

Ең жылы ауа райы шығыс өңірлерде сақталады.

Соңғы жаңалықтар