• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:13

Санкт-Петербургте ер адам көшеде саксофон ойнап тұрған 11 жастағы балаға оқ атқан

Санкт-Петербургте ер адам көшеде саксофон ойнап тұрған 11 жастағы балаға оқ атқан. Бұл туралы Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 23 мамыр күні Минск тұйығында болған. Полицияға куәгер хабарласып, белгісіз біреудің балаға оқ атқанын айтқан. Кейін белгілі болғандай, мектеп оқушысы көшеде саксофон ойнап тұрған. Алайда көрші үйде тұратын 38 жастағы ер адамға баланың музыкасы ұнамай, оны «жазаламақ» болған.

Ол пневматикалық қаруды алып, пәтерінің терезесінен балаға қарай оқ атқан. Зардап шеккен жеткіншек шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Полиция күдіктіні көп ұзамай ұстап, оған қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Енді ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды.

Жамбыл облысында фельдшерге оқ атқан азамат жазаланды.

Соңғы жаңалықтар