• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 20:30

Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жайылым жерлерін заманауи суармалы егістік алқаптарына айналдыру бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпы алғанда, шамамен 10 мың гектар жер егістік айналымына енгізіледі. Жобалар цифрлық технологияларды, су үнемдеу шешімдерін енгізуге және экспортқа бағытталған агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға бағытталған.

Бұрын егіншілік мүлде жүргізілмеген аумақтарда фермерлер заманауи агротехнологияларды, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін, сондай-ақ өндірісті басқарудың автоматтандырылған шешімдерін енгізуде. Бұл су ресурстарын тиімді пайдалануға, өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар