Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Алғабас ауылындағы адам өліміне әкелген өрттің себебін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Өрт 2025 жылдың 18 қараша күні таңертең болған. Құтқарушылар жанып жатқан үйден ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, тоғыз баланы қосқанда 12 адамның қаза тапқанын анықтады. Оқиға бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша жүргізілді.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл қайғылы оқиғадан қылмыстық із анықталмаған.
«Бұған тұрмыстық жағдай себеп болған. Менің білуімше, тергеу аяқталды. Электр құрылғысынан шыққан», деді вице-премьер Үкіметтегі брифинг барысында.
Ол өрттің нақты себебі сараптамалар жүргізілгеннен кейін бірден анықталғанын айтты.
Түркістандағы өрт: Зардап шеккен тағы бір адам Шымкентке жеткізілді
Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Оның 9-ы бала. Қызыл жалын 360 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан суреттер жарияланды.