• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 20:10

Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады

17 мамыр күні кешке Оралда қаңғыбас иттердің бес жасар баланы талап тастаған.  Бала ауруханаға жеткізіліп, иттер тістерінің орны тігілді. Мамандар қажетті вакцинациялар  жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Баланың анасы Назгүл Сандыбаеваның айтуынша, бала үйдің ауласында ойнап отырғанда бірнеше ит келіп шабуыл жасаған. Даладағы айғай-шуды естіген көршісі баланы иттерен арашалып алған.

«Бес жасар ұлымның денесінде сау тамтығы жоқ. Иттар жамбасынан бастап, арқасын, қолдарын, саусағына дейін тістап тастаған», дейді Назгүл.

Анасының айтуынша, баланың алған жарақаты көп. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде: Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Орал әкімдігі қараусыз жүрген иттерді аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау, және уақытша ұстау жұмыстары ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Әкімдіктің мәліметінше, сәуір айының басынан бері қалада 283 қараусыз жануар ұсталған. Оның ішінде зарарсыздандырудан, вакцинациядан және идентификациядан кейін 205 ит пен мысық табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Бұрын анықталған тағы 78 жануар қайтадан вакцинациядан өтіп, көшеге жіберілген.

Әкімдікте аулау гуманитарлық әдістермен және жануарлар жүретін орындардың мониторингі, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері негізінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, қала билігі үй жануарларының иелеріне оларды  ұстау және серуендеу ережелерін сақтауға және көшеде бақылаусыз қалуына жол бермеуге шақырды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мәліметі бойынша, сәуір айында қалада бес рет ит қабу оқиғасы тіркелген. Тұрғындардың өтініштерінен кейін екі жануар карантинге алынған.

Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда

Осы орайда зардап шеккен баланың анасы аудан тұрғындары үйлер мен ойын алаңдары маңында қабаған  иттерің үйірлеріне үнемі тап болатынын айтты.

Батыс Қазақстан облысындағы бұл оқиға елімізде қараусыз қалған жануарлар туралы заңнамадағы өзгерістерді талқылау кезінде орын алды.

Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды

2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістерге сәйкес, ел ОСВВ — «ұстау, зарарсыздандыру, вакцинациялау, қайта жіберу» моделінен бас тартып, жануарларды қайтарымсыз аулау жүйесіне көшеді.

Бұған дейін Орал әкімдігі негізгі қызмет түрі етті өңдеу және консервілейтін «Өркен» ЖШС-мен қараусыз қалған жануарларды аулауға келісімшарт жасасқан болатын. Шарттың құны 9 млн 396 мың теңгені құрады.

Техникалық ерекшелікке сәйкес мердігер жануарларды аулаумен, оларды уақытша ұстау пункттеріне тасымалдаумен, сондай-ақ жоюмен айналысуға тиіс. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық жануарды аулау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар