Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болған Сырымбет Ерденұлы Қаскеев лауазымынан босатылды.