• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 12:28

Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері өңірдегі екі ұйымда қызметкерлерге жалақы уақытында төленбегені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратураның мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде 1 626 жұмыскердің құқығы қорғалып, жалпы көлемі 487 миллион теңге болатын жалақы қарызы толық өтелді.

Анықталған заңбұзушылықтардың бірі Еңбекшіқазақ ауданындағы «ALTYN ADAM» жекеменшік мектебінде тіркелген. Білім беру мекемесі ұзақ уақыт бойы 134 мұғалімге жалақы төлемеген. Жалпы берешек көлемі 75,9 миллион теңгені құраған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, еңбек инспекциясы заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізген. Қазіргі уақытта қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы толық өтелген.

Прокуратура дерегіне сәйкес, биыл қабылданған шаралардың арқасында жалпы 18 839 азаматтың құқығы қорғалған.

Еске салайық, Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген.

Ұлттық экономика министрлігі тоғыз жыл ішінде азаматтардың жалақысы 41 пайызға өскенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар