Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сапар барысында отандық қадағалау органының басшысы мен Макаоның Әкімшілік және әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Вонг Сио Чак жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру; қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық үш келісімге қол қойды.
Экстрадиция туралы келісім екі тарап аумағында қылмыс жасап, бір елден екінші елге жасырынып жүрген адамдарды беру тетігін құқықтық тұрғыда реттеуге бағытталған.
Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт құқық қорғау органдарының тергеу әрекеттерін жүргізуіне, күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу және оны тәркілеу шараларын жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады.
Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды
Сотталған адамдарды беру туралы келісім шетелде қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған азаматтарға жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік береді.
Сапар аясында Берік Асылов Макаоның Бас прокуроры Тонг Хио Фонгпен кездесу өткізіп, халықаралық қауіпсіздік, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, инвестицияларды қорғау және қылмыстық активтерді іздестіру мен қайтару мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, жедел ақпарат алмасуға және өзара құқықтық әріптестікті кеңейтуге уағдаласты.
Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады
Айта кетейік, Макаомен құқықтық ынтымақтастықты орнату Қазақстан Бас прокуратурасы мен Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асты.