• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:18

Елімізде балалар лагерьлеріне қандай талаптар енгізілді?

Биыл елімізде 1 сәуірден бастап алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған.

Ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін болдырмау мақсатында лицензияның қолданылу мерзімі бес жыл болып белгіленді. Бұл ұйымдар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік бақылауды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді.

Лицензиялау балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Жаңа талаптарға сәйкес балалар сауықтыру орталықтары инфрақұрылым, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік бағыттары бойынша белгіленген стандарттарға сай болуға тиіс.

Лицензиясы жоқ лагерьлер жабыла ма?

Сонымен қатар жаңа жүйе талаптарға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын бейресми ұйымдардың қызметін шектеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қызмет сапасы артып, ұйымдардың жауапкершілігі күшейеді.

Балалар сауықтыру орталықтарына қойылатын негізгі лицензиялық талаптар:

білім беру және сауықтыру бағдарламаларының болуы; білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі; санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы; қауіпсіздік жүйелерінің болуы; материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігі.

Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында өңірлерде әкімдіктер жанынан ведомствоаралық штабтар құрылды. Ведомствоаралық комиссиялар балалар сауықтыру орталықтарының маусымға дайындығына алдын ала бағалау жүргізіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері балалар сауықтыру-білім беру орталықтарының өтінімдері негізінде лицензия рәсімдеп жатыр.

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қабылданған шаралар балалардың демалысы мен сауықтырылуын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ елімізде білім беру-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандартын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар