• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 00:28

Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады

Аптап ыстықтың басталуымен және қарақұрттың тіршілік ету ортасы ұлғаятын уақыт келді. Демек, олармен табиғат аясында кездесіп қалу қауіпі жоғары дейді мамандар. Egemen.kz

Шын мәнінде, бұл өрмекшілердің көру қабілеті нашар және әдетте өзін-өзі қорғау үшін шағады. Алайда олардың нейротоксикалық уы адамдар үшін де, жануарлар үшін де өте қауіпті. Табиғатта демалу кезінде өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін бұл қауіпті жәндіктердің  түр-түсін, қай жерде жиі жасырылатынын, шаққан жағайда не істеу керектігін алдын ала білу маңызды.

Энтомолог-ғалымдардың сөзінше, қарақұрт көктем мен жаздың басындағы құрғақшылықтың салдарынан пайда болады. Себебі бұл орта олардың дамуы үшін өте тиімді. Олардың көбеюінің тағы бір жолы – оңтүстік өңірлерден жиі тасымалданатын жеміс-жидек, көкөністермен бірге «еріп» келуі.

«Күн райы ылғалды немесе қатты жауыннан соң қарақұрт қайтадан «панасына» тығылуығ тіршілік ету аймағын азайтуы мүмкін. Шынымен, оның уы қауіпті. Сондықтан оқыс жағдай бола қалса, бірден дәрігерге қаралу керек. Негізі, оны қандай да бір аумақтан байқаған кезде демалушыларға бұл жерде улы жәндіктің барын ескерту керек», -  дейді мамадар.

Табиғат аясына демалуға шыққан кезде сақтық шараларын қатаң ескерген жөн. Айталық, қарақұрт шағып алса, адамның іші мен кеудесі ауырып, денесі жансызданып қалуы ықтимал. Дер кезінде дәрігерлер көмек көрсетілмеген жағдайда адам 5-7 күн аралығында ажал құшуы да мүмкін. Сондықтан абай болған абзал.

Соңғы жаңалықтар