• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Бүгін, 17:40

Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы – Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның қолдауымен Астанада ұйымдастырылған «Алтын Орда дала өркениетінің моделі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумына қатысқаны үшін Дүниежүзілік мұра орталығының басшысына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ басқосуда Қазақстан тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңызға ие мұра нысандарды ЮНЕСКО-ның халықаралық тізімдеріне енгізу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, осы жылдың 19-29 шілде күндері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін жиында Қазақстанның қатысуымен екі номинация қарастырылатын болады.

Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Біріншісі – «Маңғыстаудың жерасты мешіттері». Аталған ұлттық өтінім аясында Бекет ата, Қараман ата, Шопан ата, Шақпақ ата және Сұлтан епе көрнекті ескерткіштері ұсынылған.

Екіншісі – «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі». Бұл – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері бірлесіп ұсынған трансұлттық номинация. Оның аясында еліміз тарапынан ЮНЕСКО тізіміне әлемге әйгілі Отырар, Сауран, Түркістан, Сығанақ, Жетіасар, Жанкент қалашықтары ұсынылды.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан ЮНЕСКО-мен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Президент: Еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Соңғы жаңалықтар