• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:43

Ұзақ үзілістен кейінгі оралу: Елдос Сметов Гран-при турниріне қатысады

Париж Олимпиадасының чемпионы халықаралық татамиге қайта оралуға дайындық жасап жатыр. Елдос Сметов маусым айының 26-28 аралығында Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайдағы бәсеке Сметов үшін бабы мен бағын сынайтын нағыз бәсеке болмақ. Өйткені 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Елдос халықаралық ірі додаларға қатысқан жоқ. Аталған бәсеке соның алғашқысы болғалы тұр. Елдос Сметов алда болатын жарыстарға көптен бері дайындық жасап келеді. Қазіргі таңда спортшы Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін шетелге аттанады

Қытай жерінде болатын бәсекеде Сметов өзінің чемпиондық мәртебесін дәлелдей алатын болса, онда алдағы Азия ойындарына баратындығы жайлы болжам жасауға болады. Сондықтан, Қытайдағы бәсеке Сметов үшін үлкен сынақ болғалы тұр. 

Соңғы жаңалықтар