Америкалық ғалымдар көпжылдық зерттеулер нәтижесінде адамның туған айы оның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына ықпал етуі мүмкін деген қорытындыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Зерттеу нәтижелері туған мезгілдің адам тағдырына белгілі бір деңгейде әсер ететіні туралы gazetabalakovo.ru мәліметінше, күз айларында дүниеге келгендердің қарттыққа жету мүмкіндігі жоғары екені анықталған. Ғалымдардың дерегінше, күзде туғандар мен көктемде туғандардың өмір сүру ұзақтығы арасындағы айырмашылық шамамен 40% құрайды.
Сонымен қатар, зерттеу барысында туған мезгілдің денсаулыққа да ықпалы бары байқалған. Мәселен, қыс айларында туған адамдар шизофренияға жиірек шалдығуы мүмкін, алайда олар жазда туғандарға қарағанда аллергия мен жақыннан көрмеу дертіне сирек ұшырайды.
Ғалымдар білім алу үдерісіне де туған уақыттың әсері барын айтады. Оқу жылының басында дүниеге келген балалардың үлгерімі жоғарырақ болатыны байқалған.
Елордада тағы бір «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды
Дегенмен зерттеушілер бұл тұжырымдар адамның тағдырын нақты болжап бермейтінін ескертеді. Негізгі мақсат – туған аймен байланысты факторлардың адам өміріне әсерін зерделеу.
Сондай-ақ зерттеу нәтижесі адамның ішкі көңіл күйі мен өмірге көзқарасының да маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. Ғалымдардың пікірінше, оптимист адамдар пессимистерге қарағанда ұзақ өмір сүруге бейім. Осылайша, өмір ұзақтығына тек биологиялық факторлар ғана емес, психологиялық күй мен туған уақыт та ықпал етеді.
Елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар