• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:28

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады

30 рет
көрсетілді

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өз компаниясының 50 жылдығына орай қызметкерлеріне 50 пәтер табыстады. Бұл бастама өндірістің дамуына ұзақ жылдар бойы үлес қосқан мамандарға көрсетілген нақты құрметтің көрінісі болды, деп жазады Egemen.kz. 

24KZ хабарлағандай, Шымкент қаласындағы заманауи тұрғын үй кешенінен ұсынылған жаңа пәтерлер еңбек өтілі 20 жылдан асатын, кәсіпорынның қалыптасуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қызметкерлерге берілген.

Мәжілісмен курьер болып жүрген анаға пәтер сыйлады

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл қадам – қызметкерлерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаның жалғасы. Компания ұжымы үшін тұрғын үй мәселесін шешу – басшылықтың басты назарындағы бағыттардың бірі.

Еске салайық, бұған дейін, 2025 жылы Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлеріне 100 пәтер табыстаған еді. Осылайша, кәсіпкердің әлеуметтік бастамалары жүйелі түрде жалғасып келеді.

Өзбекстан президенті қазақ балуанына пәтер сыйлады

Соңғы жаңалықтар