Сәуір айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 463,09 теңгеге дейін нығайып, өсім 3,1% болды. Бұл туралы Ұлттық банк ақпараттық хабарламасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан қор биржасы дерегінше, сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 372 млн доллардан 394 млн долларға дейін ұлғайған. Жалпы сауда көлемі 8,7 млрд долларды құрады.
Сәуірде республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 300 млн доллар көлемінде валюта сатылды. Бұл – жалпы сауда көлемінің 3,5%-ы, немесе күніне шамамен 13,6 млн доллар.
Мамыр айында да осы бағыттағы операциялар жалғасады. Күтілетін фискалдық түсімдер мен Үкіметтің алдын ала өтінімдері негізінде 400-500 млн доллар көлемінде валюта сату жоспарланып отыр.
Ұлттық банк ипотекалық шарттарды қайта қарастыра ма?
Сонымен қатар, сәуірде «айналау» операциялары аясында шамамен 354 млрд теңге алынды. Мамыр айында да осы көлемде валюта сату көзделген. Ұлттық банк мұндай операциялар кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын қатаң ұстанатынын атап өтті.
Есепті кезеңде Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Ал квазимемлекеттік сектор субъектілері міндетті сату нормасы аясында шамамен 273 млн доллар көлемінде валюталық түсімін өткізді.
Зейнетақы активтеріне қатысты жағдай да өзгерген. Теңгенің нығаюы мен жарналардың артуы нәтижесінде БЖЗҚ активтеріндегі валюталық үлес 40%-дан төмендеді. Осыған байланысты Ұлттық банк сәуірде биржалық сауда арқылы 502 млн доллар сатып алды, бұл жалпы сауда көлемінің 5,8%-ын құрайды.
«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті
Ұлттық банк валюта нарығындағы операциялар туралы ақпаратты тұрақты түрде жариялап отыратынын мәлімдеді. Қысқа мерзімде теңге бағамының динамикасы нарық қатысушыларының күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, жаһандық нарықтар мен геосаяси ахуалға тәуелді болмақ.
Реттеуші алдағы уақытта да теңгерімсіздікке жол бермейтін және алтын-валюта резервтерін сақтауды қамтамасыз ететін икемді айырбас бағамы саясатын жалғастырады.
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған