• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 16:40

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

20 рет
көрсетілді

Президент мейманға ілтипат көрсетіп, Presight AI компаниясымен ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорынның еліміздегі жасанды интеллект саласындағы шешімдерді дамытуға зор үлес қосып келе жатқанына ризашылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы нақты бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды.

Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бұл – жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылымын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе.

Сонымен қатар Smart City бастамасына айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы компанияның осыған дейін Астанада жүзеге асырған жобасы оң нәтиже көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізгенін жеткізді. Бұл ретте аталған шешімді Алматы қаласына енгізу перспективасы қарастырылды.

Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды

Соңғы жаңалықтар