• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Жетісу тұрғыны қоқыстан табылған елтаңбаны үйіне іліп қойғаны үшін жазаланды

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысының Ақсу ауданында полиция жергілікті блогер Данияр Бейісқалиге айыппұл салды. Ол төрт жыл бұрын қоқыс полигонынан мемлекеттік елтаңбаны тауып алып, оны тазалап, үйіне іліп қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, бұл туралы ол аудандық әкімдікке хабарлағанымен, нақты шара қабылданбаған. Кейін ол макетті үйінде қалдырып, тіпті бейнематериалдар түсіріп, әлеуметтік желілерде қолданған.

17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды

Осы әрекеті мемлекеттік рәміздерді заңсыз пайдалану ретінде қарастырылып, полицияға арыз түскен. Тексеру нәтижесінде азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК көлемінде, яғни 216 250 теңге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар