• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Енді қазақ тілін білмейтіндер үшін қандас мәртебесін алу қиындайды

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда шетел азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес, қазақ тілін білу тестінен өту шегі әр бөлім бойынша 70 пайызға дейін көтерілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 30 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егер үміткер тесттің бір немесе екі бөлігінен төмен нәтиже алса, соңғы тапсырған күннен бастап 30 күн ішінде екі рет қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар иммиграциялық әлеуетті бағалау жүйесіндегі ең төменгі өту балы 400-ден 600-ге көтерілді. Бағалау кезінде білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі ескеріледі.

Енді төлем қабілеттілікті растайтын 1320 АЕК көлеміндегі қаражатты бес жыл бойы жыл сайын дәлелдеу қажет болады. Бұрын бұл талап бір рет қана қаралатын.

Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады

Сондай-ақ қандас мәртебесін немесе ПМЖ рұқсатын жою себептері кеңейтілді. Егер адам жол ережесін үш реттен көп бұзса немесе екі реттен артық әкімшілік құқықбұзушылық жасаса, мәртебеден айырылуы мүмкін.

Бұл өзгерістер 10 сәуірде Еңбек министрлігі, ІІМ және Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілді.

 
Соңғы жаңалықтар