• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:40

Полиция бет-жүзді тұмшалайтын киімдерге тыйым салынғанын ескертті

20 рет
көрсетілді

Елімізде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынды. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген, деп жазады Egemen.kz.

Бұл талап ауа райы, медициналық немесе қызметтік қажеттілік жағдайларында қолданылмайды.

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Бетті жабуға мына жағдайларда ғана рұқсат етіледі: 

қызметтік міндеттерді атқару кезінде қорғаныс құралдарын қолданатын мамандарға; медициналық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде медициналық маскаларды тағуға;  төтенше жағдайлар кезінде; қолайсыз ауа райында – қатты аяз, шаңды дауыл және т.б.; спорттық, мәдени және мерекелік іс-шаралар кезінде.

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға неге тыйым салынады: полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Полицейлер жаңа талаптар азаматтардың құқықтарын шектемейтінін, керісінше тыныштықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар