Мәдениет • Бүгін, 18:49

«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды

50 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлттық кітап күні қарсаңында ел көлемінде жүзеге асқан «Кітап оқитын ұлт» жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошанов, зиялы қауым өкілдері мен жоба қатысушылары қатысты. Пилоттық жоба аясында 8 ай ішінде 190 мыңға жуық адам қамтылып, шамамен 2 млн кітап оқылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кітап оқитын ұлт» жобасының  нәтижесі жарияланды

Жоба Шымкент қаласы мен Қарағанды, Қостанай облыстарында жүзеге асырылды. Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру және Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу. Осы бағытта жаңа формат – кітап оқу марафоны енгізілді.

Бүгін – Ұлттық кітап күні

Жиында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов бұл бастама Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін ілгерілету жөніндегі тапсырмасы аясында қолға алынғанын атап өтті. Оның айтуынша, кітап оқитын ұлт қалыптастыру – елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың басты тетігі.

«Қазір 23 сәуірді – Ұлттық кітап күнін ел болып атап өтуді игі дәстүрге айналдырдық. Сонымен қатар, бүгін Президент халқымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, алдағы екі аптада оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы Жарлыққа қол қоятынын айтты. Кітап оқитын ұлтқа айналу – мемлекеттің мәдени-рухани өркендеуінің төте жолы. Кітап оқитын ұрпақ тәрбиелеу – елдің интеллектуалдық капиталына салынған ең тиімді инвестиция. «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы осы мақсатты көздейді. Жобаның басты миссиясы – елімізді әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына қосу», деді партия Төрағасы.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының әдебиет пен руханият саласын қолдау бағытындағы жүйелі жұмысы мен бастамаларына тоқталды. Атап айтқанда, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында 2023-2025 жылдары 150 мәдени нысан салынды және 755 нысан күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар партия кітапханашылардың жалақысын көтеру жөніндегі сайлауалды уәдесін орындады. Бұдан бөлек, Мәжілістегі партия фракциясы депутаттарының бастамасымен жаңа Салық кодексінде отандық баспалар қосылған құн салығынан босатылды. Бұл қадам оқырмандар үшін кітаптың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Партия жыл сайын жас авторлар арасында «Ұлы дала» шығармашылық байқауын өткізіп, үздік журналистерді «AMANAT медиа сыйлығымен» марапаттайды. Бұған қоса, «Кітап-AMANAT» жобасы белсенді жүзеге асырылып келеді. Оның аясында ел аумағындағы партия филиалдары жанында 24 кітап орталығы жұмыс істеп тұр. Осындай іс-шаралар арқылы азаматтар арасында оқу мәдениеті қалыптасып, кітапқа деген құрмет артып келеді.

Соңғы жылдары елімізде кітапхана ісі де жанданып келеді. Атап айтқанда, кітапханалар жаңартылып, жаңа нысандар ашылып жатыр. Соның нәтижесінде өткен жылы кітапханаға келушілер саны 57 млн-ға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 4,1% артқан. Сонымен қатар, онлайн кітап сатылымы 50% өскен. Назар аударарлығы – оқырмандардың әрбір үшіншісі бала.

«Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет саласын қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынған. Соның ішінде жазушыларға арналған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріліп, авторлық қаламақы мәселесі шешімін тапты. Сондай-ақ отандық баспалар қосылған құн салығынан босатылып, кітаптың қолжетімділігі артты.

Мәжіліс

Жоба 6 бағыт бойынша ұйымдастырылды – «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын мектеп» және «Кітап оқитын педагог». Қатысушылар үшін қазақ және орыс тілдерінде 15 кітаптан тұратын арнайы тізім бекітіліп, сол шығармалар негізінде түрлі зияткерлік сайыстар өтті.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды – алдымен ұйымдар мен оқу орындары деңгейінде басталып, кейін аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерде жалғасты. Нәтижесінде 462 адам жеңімпаз атанып, оның 156-сы бірінші орын иегері болды.

Президент отандастарымызды ұлттық кітап күнімен құттықтады

Жоба аясында өңірлерде кітап оқу орталықтары жұмыс істеп, тұрғындар арасында кітапқа деген қызығушылық артқаны байқалды. Бұл бастама тек бір реттік науқан емес, ұлттың рухани дамуына бағытталған жүйелі жұмыс ретінде жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар