• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:41

Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді

20 рет
көрсетілді

Жапония Үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін енгізілген қару-жарақ экспортына қатысты шектеулерді алып тастады. Жаңа шешімге сәйкес, енді Жапония басқа мемлекеттерге қорғанысқа арналған қарудың өзге де түрлерін экспорттай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша күншығыс халқы 50 жылда алғаш рет шет мемлекеттерге қару сату ережелерін өзгертті. Бұған дейін Жапония тек гуманитарлық немесе бақылау мақсатындағы жабдықтарды ғана шетелге шығара алатын.

Шетелдіктер Назарбаев Университеті маңындағы пәтерде қару-жарақ жасырған: Полиция ақпаратты растамады

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити бұл өзгерістер елдің заңнамасына енгізілген түзетулер арқылы мүмкін болғанын мәлімдеді. Жапония Үкіметі экспорттық саясаттың өзгеруі ел экономикасын жандандырып, Қытай, Ресей және Солтүстік Корея тарапынан күшейіп отырған қауіп-қатерлерге жауап ретінде қарастырылып отырғанын атап өтті. Ел билігі бұл қадам әлемдік саяси ахуалға байланысты аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанын қажеттіліктен туындағанын жеткізді. 

Алайда бұл шешім ел ішінде сынға ұшырады. Қоғамның бір бөлігі Жапонияның соғыстан кейін қалыптасқан пацифистік ұстанымдарынан алшақтап бара жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 53 пайызы бұл өзгерісті қолдамайды.

Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қытай тарапы да Жапонияның шешіміне пікір білдіріп, оны «жаңа үлгідегі милитаризация» деп атап, мұқият бақылау жүргізетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар