• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 11:24

17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды

30 рет
көрсетілді

Жетісу облысының Ескелді ауданында 46 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі анықталды. Отарды 17 жыл баққан шопан қылмысқа басты күдікті ретінде саналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 сәуір күні жергілікті тұрғын жайылымнан ірі қара малдың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Жалпы саны 81 бас «Алатау» тұқымды ірі қара малдың 39-ы қолды болған.

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Жедел-іздестіру шаралары барысында отарды 17 жыл бойы бағып келген шопан күдікті ретінде танылған. Иесінің сеніміне кіріп мал ұрлады деген күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Полицияның мәліметінше, ұрланған барлық мал иесіне қайтарылған. Құқық қорғау органдары азаматтарды мал мен мүліктің сақталуына бақылауды күшейтуге және күмәнді жағдайлар туралы уақытылы хабарлауға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар