Астана қаласының әкімдігі 22 сәуірден бастап қаладағы жылу беру маусымы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Астанадағы биылғы жылу беру маусымы 2025 жылдың 28 қыркүйегінде басталып, жеті айға жуық уақытқа созылды. Қолданыстағы ережеге сәйкес, ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн қатарынан +10 градустан жоғары болған жағдайда жылу беру тоқтатылады.
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады
Сонымен қатар 20 сәуірде Павлодар мен Ақтөбеде, ал 21 сәуірде Семейде жылу беру тоқтатылды. Ал Алматыда жылу маусымы сәуірдің басында-ақ аяқталған.
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Маусымның аяқталуымен қатар қалалық қызметтер келесі қысқы кезеңге дайындық пен магистральдық желілерді жөндеу жұмыстарына кіріспек.