• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 10:17

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

20 рет
көрсетілді

22 сәуір күні таңертең Алматы қаласына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 04:26-да тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Алатау жотасында орналасқан. Нақтырақ айтқанда, дүмпу Григорьевка ауылынан 23 км солтүстікке қарай, Қожояр елді мекенінен 22 км солтүстік-батысқа қарай болған.

Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алдын ала деректерге сәйкес, Қырғызстан аумағындағы елді мекендерде жер сілкінісі сезілмеген.

Ал Қазақстан сейсмологтары бұл жағдайға қатысты ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді

Соңғы жаңалықтар