• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:28

«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты

40 рет
көрсетілді

Иран билігі АҚШ-пен өтетін келіссөздердің екінші кезеңіне қатысудан ресми түрде бас тартты. Кездесу 22 сәуір, сәрсенбі күні Пәкістан астанасы Исламабадта өтуі тиіс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирандық Tasnim агенттігінің мәліметіне сәйкес, елдің келіссөздер делегациясы пәкістандық делдал арқылы АҚШ тарапына кездесуге қатыспайтынын жеткізген.

Агенттік деректеріне сүйенсек, Тегеран бұл шешімді түпкілікті деп санайды және қазіргі уақытта келіссөздерге қайта оралуға ешқандай перспектива көріп отырған жоқ. Иран тарапы келіссөздерді «уақытты босқа өткізу» деп бағалаған.

Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты

Бас тарту себептері ретінде АҚШ тарапынан бітім режимінің бұзылуы, сондай-ақ Вашингтон ұсынған шарттардың тым қатаң болуы аталған. Сонымен қатар Ормұз бұғазындағы жағдай да негізгі факторлардың бірі ретінде көрсетілген.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты

Қазіргі уақытта тараптар арасындағы жағдайдың қалай өрбитіні әлем елдерінің назарын аударып отыр. 

Соңғы жаңалықтар